Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КВН-ші Гүлнәр Сильбаеваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Танымал қазақстандық актриса және «Казахи» КВН тобының экс-мүшесі Гүлнәр Сильбаева тұрмысқа шықпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биші Жанболат Төлеген Гүлнәр Сильбаеваға 1 тамыз күні тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды.

Сильбаева КВН-де қазақстандық құрама атынан ойнап, танымалдыққа ие болды. Сонымен қатар ол бірнеше отандық фильмдерде басты рөлдерді сомдады.

Жанболат Төлеген желідегі парақшасында тамыздың бірінші жұлдызында сүйіктісіне ұсыныс жасағанын жазды. Ұсыныс жасау сәтінен бірнеше сурет жүктеді. 

Желідегі қолдаушылары ақ тілегін жазып, дұға етуде. 

"Бақытты болыңыздар, сондай жарасымды жұпсыздар", "Гүлнараға тек жақсылық, әйел бақытын тілеймін", "Өте мықты актриса, нағыз талант, бақытты болса екен", - деп жазды тілекшілері. 

STAN.KZ
Жексенбі, 02 Тамыз, 2020 17:07
Талқылау