"Квартирант" сияқты жүреді": Нұрлан Еспановтың ұлы әкесінің қандай қайын ата екенін жасырмады
Фото: https://www.instagram.com/espanov_n/
Танымал әнші Нұрлан Еспанов қандай қайын ата екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы әкесінің үйде қандай әке екенін жасырмады.
“Негізі үйде болмайды ол кісі. Тек ұйықтауға келеді. Былай қарасаң, "квартирант" сияқты. Түсте тұрады да, кетіп қалады. Қатты ұялып жүрген жоқ, баяғыдай жүр", – дейді ол.
Ұлының сөзін әншінің өзі де растап, күн режимін айтып берді.
“Өзім де қазір үйде болып жатқан жоқпын. Қонақтарды күтіп алып, шығарып салып жатырмын. Әйтеуір, әрі-бері шапқылап, жүрмін ғой. Енді басталатын шығар қызықтар. Енді ұялуын ұяласың ғой. Бірақ келін өте жақсы. Біз көпшіл адамбыз. Біздің үйде адам көп пе, аз ба білінбейді. Тойды өткізіп алдық. Құдалықты күттік", – дейді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, жұлдызды қайын ата 10 жылдан бері құжат тапсырып, атақ ала алмай жүргенін айтқан еді.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
