Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құжатын жоғалтқан қазақстандық отбасы балаларын мектепке оқыта алмай жүр

11 жасар Нұрайдың бар арманы  – қатарынан қалмай мектеп табылдырығын аттау. Ол бірінші сыныпқа барғанымен, құжатының жоқтығына байланысты оқудан шығып қалған. Себебі, ата-анасы әлі күнге дейін заңды некеге тұрмаған. Осы орайда, қазақстандық отбасы құжаттарды жасатуға көмек сұрады.

ыф

Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

Тек Нұрай ғана емес, інісі Нұрмұхаммед те құжатсыз. Ол биыл үшінші сынып оқуы тиіс. Нұрай күн сайын таңертең сабаққа бара жатқан балаларға қызыға қарайды. Кейде, тіпті, мектеп ауласына дейін еріп барады. Содан кейін үйге келіп бірінші сыныпта оқығандарын үш жасар інісіне үйретеді.

«Біз 2005 жылдың аяқ жағында үйлендік. 2006 жылы қызым дүниеге келді. Сол кездері Астана қаласында тұрдық. Әйелімнің қолында құжаты болды. Астанада жұмысымыз жүрмей, Алматыға көшіп келдік. Ары-бері көшіп жүріп, құжатты жоғалттық. Баланың құжатын да жоғалтып, үкімет жұмысқа алмай қойды. Амалсыз мал бақтық. Қазір осы Алматының төңірегінде жүрміз. Қырғыздан әйел алған жақсы екен», – дейді Нұрайдың әкесі Асқар Белтанов.

Нұрай Ленин мектебінде бір ай оқыған. Артынша мектеп директоры құжатты жасатпаған жағдайда, балаларын жетімдер үйіне өткізіп жіберетінін айтып, қайта-қайта қорқытқан. Десе де, Асқар мырзаның келіншегі мектеп директорына тек алғыс айтатынын жеткізді.

«Біраз ақша жинап, биыл құжаттарымды Қырғызстаннан жасатып алып келдік. Заңды түрде некеге отырмағандықтан, балаларымның құжаттарын жасата алмай жүрміз. Директор «Қыздарыңды тартып алып, балалар үйіне өткіземіз» деп қайта-қайта қорқытты. Қорқып алып кеттік. Бұл жерге ол кісіні жамандау үшін келген жоқпыз. Қайта біраз уақыт болсын оқытқандарына рахмет. Астанада туған болатын. Туу туралы куәліктері болмай қиналып жүрміз. Қолыма нақты осы жерде босанған деген секілді кішкене қағаз берген. Ал күйеуім маған жақсы қарайды», – дейді Әсел Ысмағұлова.

пе

Бейсен Құранбек бірінші кезекте перзентханаға барып анықтама алуға кеңес берді. Артынша АХАЖ арқылы некеге тұрып, балаларға туу туралы куәлікті жылдам жасатып алуға болады екен. Мұнымен қатар, аталған бағдарламаның редакторы Алматы облысы Үшарал аудандық білім бөлімінің әдіскерінің «Нұрайды міндетті түрде мектепке қабылдаймыз» уәдесін алды.

«Біздің елімізде әрбір бала оқумен қамтылуға міндетті. Ал Нұрай біздің ауданымыздағы қай мектепке барса да, оны қабылдайтынына мен толықтай сенімдімін. Өйткені, біздің ауданымызда жалпыға бірдей білім беру процессі жақсы жолға қойылған. Нұрайдың кез келген мектепке қабылданып, оқумен қамтылуына көмектесеміз. Ол міндетті түрде оқитын болады», – дейді маман. Әдіскердің уәдесін естіген Нұрайдың қуанышында шек болмады. Бүлдіршін көзіне жас алып, көмек қолын созғандарға алғыс айтты.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Ақтөбелік келіншек күйеуіне өзі тоқал іздеп жүр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Талқылау