Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күзде жағдай ушығып кетеді: Алматы әкімі тұрғындарды вакцина алуға шақырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жағдай күзде ушығып кететінін ескертіп, алматылықтарды вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Егер біз вакцина алмасақ, онда күзде бұрынғы күйімізге ораламыз деп ойлаймын. Бұл қазіргі уақытта Ресейде, Мәскеуде, кейбір еуропалық елдерде болып жатқан жағдайды көрсетеді. Олар босаңсып кетті. Жаз келді, көшелерге шықты, саябақтарда, қоғамдық орындарда серуендеді. Сол үшін аурудың күшеюі байқалды. Егер біз вакцина алмаған болсақ, онда қазан-қараша айларында біз де осы жағдайға ораламыз", – деді әкім.

Оның айтуынша, карантиндік шектеу шаралары, сондай-ақ қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қаланың "жасыл" аймаққа өтуіне ықпал етті. Бүгінгі күні вакцинаны 351 497 адам алды, 235 107 адам екі компоненттен вакцина алды.


Тоқаев: Қазақстан QazVac вакцинасын исламдық елдерге тегін жіберуге дайын

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 16 Маусым, 2021 19:00
Талқылау