AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кузбасс кенішіндегі жарылыс салдарынан 52 адам ажал құшты

Ресейдегі Кемер облысы "Листвяжная" кенішіндегі жарылыс құрбандарының саны 52-ге жетті. Олардың 6-ы құтқарушылар. Соңғы деректерге сәйкес 51 адам зардап шеккен, 38 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

52 адам
Кеніш орналасқан Беловск қалалық округы әкімшілігі 52 адамның қаза тапқанын нақтылаған. Бұған дейін 11 кенші мен 3 құтқарушының өлімі жайлы хабарланған болатын

Алдын ала деректер бойынша төтенше жағдайға метан жарылысы себеп болуы мүмкін. Жұмысшылар жарақат алғандықтан өз беттерінше жер бетіне шыға алмаған. Екінші дерекке сүйенсек, көмір шаңының жануынан өрт басталған. Желдету шахтасынан басталған өрт түтіні кеніш ішіне тарап кеткен. 

"Листвяжная" кенішінде бұрын жұмыс істеген Денис Тимохин апаттан кейін досынан айрылған. Ол басылымға берген сұхбатында кеншілердің жалақысы өндірілген көмір көлеміне байланысты болғанын айтты.

"Ай сайын 100 мың тонна өндіру керек болса, бұл нәтижеге жетуге тырысатынбыз. Егер жетпесек, басшы ұрсып, қарқынды жеделдету керек дейтін. 25 қарашада жұмысшылар нормадан қалып қалса керек, сондықтан мұнда кеншілер көп болған", - деп мәлімдеді Тимохин. 

Қазір кеніштің басшысы мен орынбасары тұтқынға алынған. Жыл басынан бері өндіріс орнында 127 рет тексеріс жүріп, 914 заң бұзушылықты анықтаған. 

26 және 28 қараша аралығында Кемер облысында қаралы күн жарияланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр