AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйзеліске түстік": Ақтөбеде су басқан 100-ден аса үйді комиссия тексеріп жатыр

Ақтөбеде су басқан 100-ден аса үйді комиссия тексеріп жатыр. Бір апта бұрын тасқыннан зардап шеккен Ақтөбеде арнайы комиссия бүлінген үйлерді тексеруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

су басқан

Олар қызыл су кірген шаңырақтардың шығынын анықтап, құрылыс материалдарымен шұғыл көмек беруге тиіс. Өйткені тасқыннан 100-ден аса тұрғын мектептердегі эвакуациялық орталықта тұрып жатыр.

"Күйзеліске түстік. Міне, қан қысымымыз көтеріліп, медбикелер бір сағат сайын дәрідірмек ішкізіп жатыр. Комиссия келіп, тізім жасап, үйдің, аумақтың бәрінің іші-сыртын көріп кетті. Енді бүгін келіндер, қыздар құжат толтырып әкімдікте жүр", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Тазагүл Сейітжанова.

Ақтөбеде 100-ден аса үйді су басқан. Қызыл судың беті қайтқанымен, ылғал кірген баспананың барлығының едені көтеріліп, қабырғасы сыз тартқан.       

Қазір комиссияны екі ауданға бөліп, тексерушілер үйлерді аралап жүр. Әкімдіктегілер тасқыннан зардап шеккендерге ең алдымен құрылыс материалдарымен көмек беретінін айтады. Ол үшін жергілікті бизнесмендердің демеуіне иек артып отыр.
"Аймақта төтенше жағдай жарияланбағандықтан, тұрғындардың бас-басына ұстата қоятын ақша жоқ", - дейді әкімдіктегілдер. Тек комиссия жалпы шығынды анықтап, бағалаушылардың қортындысынан соң ғана бюджеттің қосымша қорынан қаржы қарастырады. 

"Біз актіге байланысты бағалаушыға береміз. Ол өзі келіп тұрғынмен бәрін қарайды. Бірақ акті бойынша. Ең бастысы, бар шығынды жазып жатырмыз. Әрі қарай комиссия шешеді. Бюджеттен қандай шығын шығады. Неге десең, бірінші төтенше жағдайлардың заңына сәйкес құрылыс материалдары мен үйдің несіне көмек берілді", - дейді Алматы ауданының әкімі Абат Көбенов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр