Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуырылған жұмыртқа мен шұжық: Алагөзов фильмге түскені үшін қандай қаламақы алғанын айтты

Баян Алагөзова жақында ғана қалың көрерменге ұсынған “СиСиТай” мюзикліне өзінің күйеуі Тұрсынғали Алагөзовті түсірген болатын. Киноға алғаш рет қадам басқан кәсіпкер Алагөзов қандай сезімде болғанын және фильмге түскені үшін қандай қаламақы алғанын ашып айтты.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Әрине, гонорар алдым. Жексенбі күні жұмыртқа мен шұжық қуырып берді. Менімен осылай есептесті. Оны желіге жүктедім, сондықтан бүкіл халық куә болды”, – деп ағынан жарылды Алагөзов.

Иә, кәсіпкер фильмге түскеніне және алған ақысына дән риза. Алайда Алагөзов фильм редакторларына өкпелі. Себебі:

“Неге екені белгісіз, менің фамилиямды титрға қоспапты. Енді компанияның үстінен шағым түсіремін. Мен фильмге түстім, уақыт жұмсадым. Белсенді түрде осыны анықтамақпын (күліп). Жалпы шақырту алғанда бірден жүгіріп келдім. Себебі киноға түскім келді. Осы күнге дейін неше түрлі іспен айналыстым, алайда тәжірибемде кино жоқ. Сондықтан көрейін дедім, өзіме ұнады”, – дейді Алагөзов.

Актерлік тәжірибем ұнады деген Баянның күйеуі алдағы уақытта өзге режиссерлерден ұсыныс түссе, ойлануға болатынын айтты. Алайда ол үшін кинодағы “продюсері” Баян Мақсатқызынан рұқсат сұрайтынын жасырмады.

Ал заңды жұбайын экранға шығарған Баян Алагөзова балаларын фильмге түсірмеуінің себебін түсіндірді.

“Менің балаларым киноға түскілері келмейді, бағдарлама да жүргізгісі келмейді. Менің жобаларыма қатысуға да құлықтары жоқ. Бірақ қызым қалаған күннің өзінде, оны Сиситайдың рөліне бекітпес едім. Себебі ол – Сиситай емес. Қажетсіз балаларымды әр жерге тықпалағым келмейді. Ешқашан олай жасаған емеспін, жасамаймын да. Жалпы екеуінің де үлкен жобаларға қатысуға ниеті жоқ”, – дейді продюсер.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Өтекешева: Құманымды ардақтаған Алаш жұртына ризамын

Баян Алагөзова фильмге тамыр-таныстарын түсіруінің себебін түсіндірді

Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын әйелімен бірге тұрған үйін көрсетіп, шүкірлік етуге шақырды (видео)

Мақпал Жүнісова анасының тойдағы биін көрсетіп жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау