Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Құймақ рецепті: құймақты қалай дұрыс пісіру керек
Stan.kz ақпараттық агенттігі үлпілдек және дәмді құймақ әзірлеудің бірнеше рецептін ұсынады.
Қайнатылған айраннан жасалған құймақ
Қайнатылған айраннан құймақ әзірлеу үшін кем дегенде майлылығы 3,2% болатын 500 мл айран, 2 жұмыртқа, 300 грамм ұн, 0,5 шай қасық ас содасы, 3-4 ас қасық өсімдік майы, 0,5 шай қасық қант, толтырылмаған 1 шай қасық тұз керек.
Дайындау әдісі
1. Айранды кәстрөлке құйып, жұмыртқа, тұз және қант қосыңыз. Оны біркелкі болғанша араластырыңыз.
2. Кәстрөлді өртқа қойып, қыздырыңыз. Айранды 60 градус температураға дейін қыздырып, үнемі араластырып тұрыңыз.
3. Қайнаған бір стақан жылы суға ас содасын қосып, араластырыңыз.
4. Қамырды үнемі араластыра отырып, оған қайнаған су құйыңыз.
5. Содан кейін қамырға өсімдік майын құйып, қайтадан араластырыңыз.
6. Дайын қамыр 30-40 минут тұру керек.
7. Құймақ пісіру үшін шойын табаны жақсылап қыздырып, өсімдік майымен майлаңыз.
8. Ыстық табаға шамамен 1 ожау қамыр құйыңыз. Бір құймақ үшін қамырдың көлемі табаның диаметріне байланысты болады.
9. Табаны шайқау арқылы қамырды шұңғыл табаның бүкіл бетіне тез жаю керек.
10. Құймақты құймақтың шеті кебе бастағанша пісіріңіз.
11. Таяқшаның көмегімен құймақтың екінші жағына аударып, қызарып піскенше ұстпаңыз.
12. Піскен құймақтарға ерітілген сары май жағып, табаққа салыңыз.
13. Құймақтар суып кетпес үшінпешті 100 ° C градусқа дейін қыздырып, үстіне пісірілген құймақты қойыңыз.
Қышқыл сүтте жасалған құймақ
Қажетті ингредиенттер: 2 стақан ұн, 2 стақан қышқыл сүт, 2 жұмыртқа, 3 ас қасық өсімдік майы, 1 шай қасық ас содасы, 1 ас қасық қант, 0,5 шай қасық тұз.
Дайындау әдісі
Ұнды үлкен ыдысқа елеп алып, оған тұз, қант, өсімдік майы, қышқыл сүт пен жұмыртқа қосыңыз. Мұқият араластырыңыз да, 30 минут күтіңіз. Содан кейін ыстық суға ас содасын салып, қамырға құйыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Сосын табаға өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Қамырды табаға жұқа қабат қылып құйып, құймақтың екі жағын да пісіріңіз. Құймақ дайын болғанда қаймақпен бірге жеуге болады.
Крахмалды құймақ
Керекті заттар: 200 грамм картоп крахмалы, 400 мг сүт, 2 жұмыртқа, 2 ас қасық өсімдік майы, 2 ас қасық қант, 0,5 шай қасық ас содасы.
Әзірленуі
1. Сүт пен жұмыртқаны тоңазытқыштан алдын-ала шығарып қойып, бөлме температурасында ұстау керек. Содан кейін жұмыртқаны жарып, сүтпен жақсылап араластырыңыз.
2. Оның үстіне май, тұз, қант және крахмал қосыңыз. Крахмал сүтте ерімегендіктен, ол сүтте қалқып жүреді. Бірақ, бұдан қорықпаңыз. Соның арқасында, қамыр қатты қою және жабысқақ болмайды. Қамыр ыстық ыдысқа құйылғанда, ол қоюланады.
3. Құймақты дәстүрлі түрде екі жағынан да 2-3 минуттан пісіріңіз.

"Сақтандыру компаниясы кінәні өзіме артты": Қазақстандық жігіт Парижде аяқ-астынан сырқаттанып қалып, бір күннен аса көмек ала алмаған
