Соңғы жаңалықтар

Күйеуінің көзіне шөп салған әйел егіздерін босанғаннан кейін өтірігі әшкере болды

Қытайдың Сямынь қаласында егіздерді босанған әйел сирек кездесетін жағдайға тап болды. Оның егіз нәрестелерінің әкесі екі бөлек адам болып шықты. 

Күйеуінің көзіне шөп салған әйел егіздерін босанғаннан кейін өтірігі әшкере болды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Егіздердің әкесі бір адам емес екені полиция бөлімінде жаңа туған сәбилерді тіркеу кезіндегі ДНҚ тестінен кейін белгілі болған. Тест нәтижесі босанған әйелдің күйеуі егіздердің бірінің ғана әкесі екенін көрсетті. Ер адам егіз нәрестелерін көрген кезде олардың бірі өзіне ұқсамайтынын түсініпті. Ал тест нәтижесі оның күдігін растады.

Артынша ер адам әйелінен бәрін түсіндіруін талап етеді. Алайда әйел оның сөзін жоққа шығарып, күйеуі тест нәтижесін әдейі жалған етіп шығарды деп ойлаған. Мұнан кейін әйел бірде өзге ер адаммен көңіл қосқанын мойындапты. 

Екі ер адамның аталық ұрығынан ұрықтандырылған егіздер – өте сирек кездесетін құбылыс. Мұндай құбылыс 13 мың жағдайдың бірінде кездеседі екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр