Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінің аяғын жуып, тырнағын өзі алып беретін қазақ әйелі әрекетін түсіндірді

Күйеуінің аяғына дейін жуып, тырнағына дейін өзі алып беретін қазақ келіншектің есімі Әмина. Көпшілік алдына шыққан Әмина Тәліп не себепті мұндай әрекеттерге баратынын ашып айтты. Бұны ер азаматқа деген құрметі деп санайды. 

Бұл туралы Basty Prime бағдарламасынада айтылды.

Әмина Тәліп Түркістан облысның Жетісай өлкесіне келін болып түскен. Осыдан 5 жыл бұрын отау құрып, қалыңдық атанды. Жолдасы барлық үй шаруасына көмектесіп, қолдап жүретін көрінеді. Сол себепті оның аяғын жууға да дайын.

"Желіде күйеуімнің аяғының тырнағын алып беріп отырған видео жарияланды. Оны өзім жариялап, жазба қалдырды. Себебі жолдасым аяғының тырнағын ала алмайды. Тырнағы ерекше өскендіктен мен алып беремін. Және ол баланы тербетіп отырды. Мен тырнағын алып бердім. Екі апта сайын солай істеймін. Басқа жағдайда ол да маған көмектеседі. Қолдау көрсетеді. Сондықтан мұны тек құрмет деп қана түсінемін", - деді келіншек. 

Әмина ханымның айтуынша, жолдасы табыс тауып, бар ауыртпалықты көтеріп отырғандықтан оның аяғын жууды ар санамайды екен. 

"Кезінде қалың мал беріп, ана сүтіп беріп құда түсті. Ол қызды сатып алу емес, ата-анаға алғыс ретінде берілетін ақша. Қыздың төсек-орнының өзі одан екі есе шығады. Сондықтан қалың малын есеп қылып келінді күң етудің керегі жоқ. Кей жақта келінін құл секілді көретіндер бар. Әдейі жасататындар бар. Жұмсайтындар бар. Бірақ бұл менің өз еркіммен істеп ұрген жұмысым. Келін болып түскенде блогер болғым келді. Жолдасым әлі дайын емессің деді. Бәрін үйренген соң баста деді. Сондықтан 5 жылдан соң үй тірлігін үйренген соң блогерлікті қолға алып жүрмін. Өзі де көмектесіп, не жазуға болатынын, қандай видео түсіруге болатынын айтып отырады", - деді ол. 

Психолог, блогер Динара Болат Әминаның әрекетін құп көрмейді. Себебі оны оқыған оқырман, қыз-келіншектің бәрі жолдасының аяғын жуып, тырнағын алу керек екен деп ойлайды. 

"Мен мұны дұрыс санаймын. Әсіресе блог жүргізіп жүрген қыз-келіншектер оқырмандары арасында өзіндік көзқарас қалыптастыратын болғандықтан әр ісіне жауап болу керек. Егер жолдасыңыздың денсаулығы нашар болса, тырнағын алуға шамасы келмесе, онда түсінуге болады. Ал жай ғана ол менің күйеуім, бұл құрмет деп әр әйел ер адамның аяғын жуып, тырнағын ала берсе не болады? Қазақ әуелден еліктегіш халық. Кім не істесе соны қайталайды. Мұны көрген қыздар да ертең осыны істейді", - деді ол. 

Ислам дінінде шамаң жетіп тұрса, дәрет суыңды да өзің дайындап, біреуге салмақ салмауға үндейді. Желі қолданушыларының басым бөлігі Аминаны сынға алып, жолдасының аяғын жуғаны үшін көп сөкті. Алайда Әмин бұған налымайды. Бұл тек сыйластықтан жасалған нәрсе деп ақталады.

Талқылау
Пікір
Эдельвейс
22 Қар, 20 жыл - 16:51

Мен  колдамаймын. Канша  силап, жаксы  кор1п  турса  да оз1н томендеткен1  деп есептейм1н.

Баяхметова Жанат Жанахметовна
22 Қаз, 20 жыл - 22:50

Күйеуінің тырнағын алғанда тұрған не бар? Мен де тырнағын алып беремін күйеуімнің. Ол дегеніміз қорққаннан істелетін әрекет емес, күйеуім өзімді сыйлайды, құрметтейді, әрдайым қолдап, көмектеседі. Үш қызымыз бар,алды тұрмысқа шығып,немерелі болып та үлгердік. Сондада күйеуімнің аяғының тырнағы өскен,өспегенін өзім қадағалап отырамын. Қолының тырнағын өзі алып алады. Міндетті түрде аяғының тырнағын өзі ала алмайтын еркек  ауру болу керек пе? Жоқ,мұндай пікір мүлде дұрыс емес.