Күйеуінен айырылған Наркенже Серікбаева қызының әкелеп жылағанын айтты
Бір ай бұрын әнші Наркенже Серікбаеваның екінші күйеуі дүниеден озды. Өнер иесі кенже қызының марқұм әкесін іздеп, жылағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/abdilhamidkulimbetov
"Әкесінің достары келіп еді. Әкесіне ұқсатып, кетерде әкелеп жылап қалды. Жүрегімді езіп жібердің ғой, ботам", – деп жазды Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Наркенже Серікбаеваның екінші күйеуі өмірден өтті. Әнші Мақпал Жүнісова әріптесіне көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. Араға уақыт салып Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде көрінбей кетуінің себебін түсіндіріп, күйеуінің қазасынан кейін жай-күйімен бөліскен болатын.
Әншінің күйеуі Әбділхамид 29 маусымда 41 жасқа толған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”