Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын”: Алматыда өзін көріпкелмін деп таныстырған алаяқ ұсталды

Алматылық әйел өзін көріпкелмін деп, алаяқтық жолмен ақша тауып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

алаяқ

Полиция мәліметінше, 25 жастағы Ж.есімді әйел әлеуметтік желілерде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар орналастырып, тұрғындарды өзінің құрығына түсіріп келген. Ол “күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын” деп қазақстандықтарды алдап келген. 

“Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанста жасалған “құрбандық шалу” рәсімі үшін “көріпкел” 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмады. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде”, – деп хабарлады Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Полиция бұл адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 393-40-73; 8-775-000-21-81.

Талқылау