"Күйеуіммен емес, атаммен бақыттымын": Түркістанда қайын атасы мен келіні үйленіп, бірге тұрып жатыр
Түркістан тұрғыны Гүлнар Ерметова күйеуінің келінін әйелдікке алып, бөлек шыққанын айтып жылады. Айтуынша, туған келіні қайын атасымен 8 жылдан бері жақындасып келген. Ал немерем деп жүрген балалар күйеуімнің балалары болуы мүмкін дейді.
Бұл туралы "Астарлы ақиқатқа" сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлнар Ерметова өзі таңдаған аруды ұлымен таныстырып, келін қылып алған. Алайда келінім кесір болды, күйеуім опасыз болды деп қынжылады. Келіні қайын атасымен төсектес болып, кейін бөлек шыққан екен.
"Әсия деген қызбен ұлым үйленді. Дүркіретіп той жасадық. 2013 жыл еді. Екі немерем бар қазір. Бірақ жақында жолдасым мен келінімнің төсекте жақын екенін білдім. Екеуі тіпті бөлек тұрып жатыр. Ұлым да біледі. Екеуміз ашуланып біттік. Екеуі де оңған адам емес. Келінімді қызымдай көрдім. Артық сөз айтқан емеспін. Ұрып-соққан жоқпын. Неге маған осылай жасап кеткенін білмеймін. Күйеуімнің маған қайта оралғанын қаламаймын. Мен тек өзімнің немерелерімді алғым келеді. Егер ол балалар менің немерем екені дәлелденетін болса, оларды өзіме алғым келеді. Үшінші баласын келінім тұншықтырып өлтіріп қойған. Емізіп жатып байқаусызда өлтіріп қойды. Келін балаларға қарай алмайды", - деді ашынған ана.
- Қазақстандық актер: Өзге жігітпен төсектес болған әйелімді кешіріп, біреудің баласын бауырыма бастым
- Бірнеше жігіт күдікке ілінді: Түркістанда 7-сынып оқушысы өзінен 10 жас үлкен жігіттен бала босанғанын айтты
Гүлнәр Ерметова базарда сауда жасайды. Күндіз үйде болмайды. Айтуынша, ұлы да күндіз жұмыста. Үйде атасы мен келіні ғана қалып жүрген.
"Мен үлкен баламды ғана өз балам деп санаймын. Қалғанын менің балаларым емес, әкемнен туған балалар деп ойлаймын. Әйелім мен әкем бұрыннан жақын қатынаста болған. Әйелім маған "әкең маған тиісіп жатыр" деп хабарласты. Сол кезде келіп әкемді ұрып тастадым. Анам мен келінім ажыратып алды", - деді Рүстем Ерметов.
Ал Әсияның інісі әпкесіне қайын жұрты күн көрсетпеді деп ақтады.
"Әсия күнде хабарласып жылап жүрді. Енем ұрсып, күйеуім ұрып күн бермейді деп айтатын. Ал күйеуінен сұрасақ, айтқанды істемейді деп жауап берді. Біз кінәні Әсияның өзінен іздедік. Бірнәрсені дұрыс істемеген шығар деп ойладық. Бірақ Әсия себебін айтпаса да өзін ұратынын айтып жүрді. Атасы оны күштеп зорлық қылды деп ойлаймын", - деді Әсет.
Әсеттің айтуы бойынша, әпкесі Рүстеммен бір күнде танысып үйленбеген. Екі-үш жыл кездесіп барып қосылған екен.
Ал Үсен мен келіні Әсия айдалада бірге тұрып жатыр. Үсен мырза қой бағады. Әсия бұрынғы қайын атасы, қазіргі күйеуімен бақытты екенін айтты.
"Менің бұрынғы өмірім тозақ болды. Маған күн бермеді. Қазір жұмаққа келгендеймін. Күйеуімнің аяғын жалауға дайынмын. Мен қазір бақыттымын", - деді Әсия.
Үсен Ерметов те бұл таңдауына мүлде өкінбейді.
"Келінім қазір әйелім. Екі немереммен бірге тұрамыз. Бұрын күнде ұрыс-керіс. Айқай-шу еді. Қазір миым тыныш", - деп ақталды.
Ал Гүлнәр Ерметова екеуінің сөзі алдын ала келісіп алған деп отыр.
"Маған немерелерім керек. Басқа ешнәрсе керек емес. Өздерімен кетсін", - деді ол.
Әсия Рүстемге тұрмысқа шыққанында 17 жаста болған. Қазір 26 жаста.