Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіме басқа әйел алып бердім": Майра Ілиясова көпшілік білмейтін сырын ашты

Майра Ілиясова күйеуіне басқа әйел алып бергенін айттыФото: instagram.com/mayrailyassova

Халық әртісі, әнші, продюсер Майра Ілиясова “Өнер өрнегі” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілік білмейтін сырын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі экс-күйеуі Бақытжанмен студенттік шақта танысқан. Әнші күйеуінің түсінігі мол, мінезі жұмсақ жан болғанын алға тартты.

“Мен қанша іссапарға кетемін, кейде жұмыстан таңғы сағат 05:00-те келсем де, ешқашан ренжіп, жаман сөздер айтқан емес. Қызым Тоғжан әкесінің қызы болды, сондай тату тұрдық”, – деді әнші. 

Осындай күндердің бірінде Майра Ілиясованы 40 күнге Мәскеуге дүниежүзілік фестивальге жіберген, ал күйеуі қызымен бірге елде қалған.

“Ол кезде қызым Тоғжан кішкентай. Мәскеуден қайтқанда мені әуежайдан екеуі күтіп алды. Қарасам, күйеуім жүдеп кетіпті. 40 күн бойы бала қарау оңай ма? Күніне үш уақыт тамағын береді, таңертең балабақшаға апарады, кешке алып қайтады. Негізі ер адамға үйінде күтіп отыратын әйел керек. Сол кезде “Мына жүрісім не? Мен не өнерді таңдайын, не жеке өмірді тағдайын деп ойладым”, – дейді әнші.

Осылайша әнші жолдасы Бақытжанға басқа әйелге үйленуге ұсыныс жасаған. Оның айтуынша, бұл өнер үшін жасаған құрбандығы болыпты.

“Бақытжан ішімдік ішпейтін, темекі тартпайтын, орынсыз үйден кеткен емес. Қай уақытта болсын отбасының жанынан табылатын. Осыдан кейін “Осындай азаматты мен қор қылып жүрмін бе? Мына тірлігім не?” деп ойладым да, өзіне ойымды ашық айттым. Өмір, солай болды. Қазір бір ұлы бар. Біз араласып тұрамыз, біз оларға, олар бізге қонаққа келіп тұрады”, – дейді ол.

Өнер иесі бұл шешімді екі жыл бойы ойланып қабылдағанын айтады. Оның сөзінше, алғашында күйеуі келіспеген. Ал өзі “Өнерді тастап кете алмадым” дейді.

“Сен сондай керемет азаматсың, айналаңда тамаша жандар бар ғой” дедім. Сөйтіп кейін мені өзі таңдаған жанмен таныстырды, маған ұқсас жар тапты. Өзі ұлды болғанды жақсы көретін, ұлды болды. Бәрі жақсы”, – деді әнші. 


"Мақпал апам ұрысты": Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады

"Жиен сіңлімнің құрбысы – күйеуімнің қазіргі әйелі": Майра Ілиясова бірінші жолдасынан не себепті ажырасқанын айтты


Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова әріптесі Майра Ілиясованың 70 жасына қандай сыйлық бергенін айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 18:31