"Күйеуім ұрып, ауруханаға түсірді": Алматыда төрт баланың анасы, қандас көмек сұрайды
Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын баспаналарда қиын өмірлік жағдайға ұшыраған жас аналарды жиі кездестіруге болады. Олардың көбінде көші-қон мәртебесі жоқ, сондықтан медициналық көмек ала алмай, тұрақты жұмысы болмай, толыққанды өмір сүре алмай жатады. Оған қосымша ер адамдар тарапынан зорлық-зомбылықта осы проблемаларға қосылып, ауыртпалық болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия телеарнасына сілтеме беріп хабарлайды.
Аяғы ауыр төрт баланың анасы күйеуінің зомбылығынан соң ауруханаға түскен. Қазіргі уақытта ол балаларымен мамандандырылған панаға ауыстырған.
“Ауруханаға түскенде аузым, бетім қан болды. Жарақаттар бар деді. Кеудемнен, барлық жерімнен ұрды. Гинеколог бұлай болмайды деп, полиция шақырды”, – дейді әйел.
Күйеуі он тәулікке қамалды. Қазір оған үйге қайтуы үшін талаптар қойылып жатыр. Туыстарының алдында кешірім сұрап, былайша айтқанда қайын атасы мен апасының аяғына жығылуың керек деген”, – дейді “Араша” панасының директоры Маргарита Өскембаева.
Гүлнар Өзбекстаннан келген қазақ қызы, осыдан жеті жыл бұрын көшіп келіп, тұрмысқа шыққан. Азаматтық алмаған. Күйеуінің асырауында өмір сүрген.
“Құжаттарды рәсімдеуге көмек керек болып тұр. Қандас мәртебесін алып, осында қалғым келеді. Балаларым зомбылықты көріп өспесе екен деймін. Қызым тіпті әкесіне барғысы келмейді”, – дейді Гүлнар.
Жүктіліктің жетінші айында жүрген Гүлнар қазір қолдаусыз, қаражатсыз қалған. Осыған дейін отбасы балаларға түсетін жәрдемақыға өмір сүрген. Ол жұмыссыз күйеуінің атына рәсімделген.
“Бұл жерде балалар құқығы тапталып тұр. Егер мемлекеттен балаларға бөлінген ақша оларға емес, пәтерақыға, басқа заттарға жұмсалса, онда бұл қаражат балаларға жетпейді”, – дейді Маргарита Өскембаева.
Заңгер Лариса Бояр мұндай әйелдер Қазақстанда өте көп екенін айтады және оларға статусын анықтау өте қиын дейді.
“Мұндай әйелдер өте көп, олар тіпті осында Қазақстан азаматы болып саналатын бірнеше бала да туып үлгерген. Алайда заң тұрғысынан бәрі оңай сияқты болып көрінеді. Тізімге тұру, бірнеше уақыт күту және т.с.с, бірақ шын мәнінде заң жұмыс істемейді”, – дейді заңгер.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
