"Күйеуім ұлдарыма алып қойды": Ерке Есмахан су жаңа пәтерін көрсетті
Танымал әнші Ерке Есмахан су жаңа пәтерін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі күйеуі Райымның туған күнін жаңа пәтерінде қарсы алды. Отбасындағы қуанышты жаңалықты оқырмандарына айтып берді.
"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", – деп жазды әнші.
-
"Жыл тойын" жасаймыз деп едік": Ерке Есмахан жоспарының іске аспай қалғанын айтты
-
"Барлық қымбат дүкенге кірдік": Ерке Есмахан Дубайдағы демалысын көрсетті
Сондай-ақ эстрада жұлдызы жақында үшінші сәбиімен қауышатынын да жасырмады.
“Гендер пати жасамаймыз. Соған қатысты сұрақ өте көп. Шамалы қалды ғой, кішкене шыдасаңыздаршы. Туған соң түрін көрсетпесек те, жынысын анық айтамыз. Алла қаласа сүйіншілетеміз", – деді өнер иесі.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Еске салайық, Ерке Есмахан күйеуінің ғашықтар күніне берген сыйлығын көрсеткен еді.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
