Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуім қайтып келе ме?": Бағым Мұхитденова жаңа образын сынағандарға жауап берді

бағым продюсерФото: https://www.instagram.com/bagym_m/

Танымал музыкант, әнші Бағым Мұхитденованың жаңа образы жұртқа жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік 2025 жылдың ақпан айында өнер иесінің жолдасы дүниеден өткен еді. Жарты жылдан кейін Бағым шығармашылыққа ден қойып, образын өзгертті. Алайда желі қолданушылары әншінің қысқа белдемшесін ұнатпай қалды. 

“Бір жыл қара жамылып отырмай ма?!”, “Бұл да, Баян да той тойлап жөнінде жүр”, “Әділжан мықты музыкант еді”, Күйеуі кеше ғана қайтыс болды, бір жыл қара жамылып отырса болады ғой", "Күйеуі қайтқан соң шешінейін депті", "Кішкене шыдамадыңыз ба", "Баяннан қалмайын деген-ау", "Күйеуі қайтып еді, мына тәтем түрлі өнерін шығарып жатыр", – деп жазды көпшілік.



Сынның астында қалған Бағым Мұхитденова көп ұзамай жауап қатты. 

“Мен күйеуім бар кезде де осылай киіндім, оған ұнайтын. Шыдағаннан не пайда? Күйеуім қайтып келе ме? Ол мені түсінеді", – деп жауап берді музыкалық продюсер. 

Еске салайық, продюсер жолдасымен 23 жыл бірге өмір сүргенін жазған еді. 

“Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындауым ұнайды деп ойлаймын" – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 14:35
Талқылау