Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жастан кейін жұмысқа шығуға мәжбүрсің": Бала туғанда берілетін жөргекақы сәби күтіміне қаншалықты жетеді

Елімізде жыл сайын 400 мың бала өмірге келеді. Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы көлемі биыл 100 738 теңге болып белгіленді. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға - 167 013 теңге тағайындалады. Отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді. Дегенмен бұл жөргекпұл бір жасқа дейінгі бала күтіміне қаншалықты жететінін Picodi сайтының сарапшылары есептеп көрген екен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

жәрдемақы

Әсел Романова

Алматы қаласының тұрғыны Әсел Романова бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан. 8 айлық сәби бар келіншек 90 мың теңге көлеміндегі бірреттік жәрдемақы және ай сайын 20 мың теңге көлемінде жөргекақы алып отырған. Айтуынша, бұл ақша түкке жетпейді. Бала дүниеге келгенге дейін төсек орны мен киіміне 100 мыңнан астам ақша кеткен. Ал сәби өмірге дүниеге келген соң оның жасанды сүті, ботқалары мен жөргегіне ай сайын тұрақты түрде 70-80 мың теңге жұмсап отырады екен.

"Жалғыз басты аналардың қалай 20 мың теңгеге өмір сүретінін түсінбеймін. Оның үстіне, ол 1 жасына дейін берілед. Бір жастан кейін жұмысқа шығуға мәжбүрсің. Күйеуің істеп, айлығы аза болса, меніңше балаға жетпейді. 20 мың теңге өте аз ғой", - дейді ол.

Picodi сайтының сарапшылары биылғы жылдың шынайы бағаларымен есептеп, балаларға кететін шығанды есептеген екен. Нәтижесінде, 1 жасқа дейін шамамен 1 млн 171 мың теңге қажеттігін анықтапты. Оның ішінде: балалар тамағына - 379 мың теңге, балалар киімі - 87 мың теіге, күнделікті қажетті туарлар - 158 мың теңге, балалармен серуенге арналған құрал-жабдық - 89 мың теңге, перзентханаға арналған сөмке - 30 мың теңге, жүктілік уақытында киім-кешектер мен гаджеттер - 80 мың теңге, балаға арналған үй әбзелдері - 348 мың теңге. 

Статистика комитетінің наурыз айындағы мәліметтеріне сай, салықтық төлемдерді шегергендегі қазақстандық азаматтардың орташа жалақы көлемі 161 623 теңгеге жуық. Бұл баланың бар қажеттілігін өтеу үшін ересектің 7 айлығы қатар кетеді деген сөз. Мысалы, АҚШ, Австралия, Ирландия мен Германия азаматтары осы шығындарға бір айлығын жұмсайды екен. Ал бала туғанда берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы барлық шығындардың тек 9 пайызын жабады екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр