Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуі және 8 айлық сәбиімен бірге": Ұшақ апатынан зардап шеккен әйелдің құрбылары оның жағдайы туралы

Bek air ұшағы апатынан зардап шеккен әйелдің құрбылары оның жағдайы туралы айтып берді. Жолаушы ұшаққа жалғыз өзі ғана емес, күйеуі және 8 айлық сәбиімен бірге отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

Науқастың құрбылары ауруханаға оның жағдайын білуге келген. Олар әйелдің ұшаққа күйеуі және 8 айлық баласымен бірге отырғанын айтады. Сәби мен әйел ауруханаға жатқызылыпты. 

«Біз құрбымызбен Сүлеймен Демирел атындағы университетте бірге жұмыс істейміз. Ол күйеуі және сегіз айлық сәбиімен бірге таңертең ұшпақшы болған. Алайда апат болып, алған жарақатынан ауруханада жатыр. Ал сәби балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың жағдайы бірқалыпты, қасында әжесі бар. Көріп, жағдайын біліп қайттық. Бірақ оған қазір тыныштық қажет. Дәрігерлердің айтуынша, анасының да жағдайы жақсы. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ екі тәулік ауруханада жататынын айтты. Өзін әлі көре алмадық. Бірге ұшқан күйеуінің де жағдайы жақсы. Қазір ол басқа шаруаларымен жүр», – дейді науқастың туыстары.
 

STAN.KZ
Жұма, 27 Желтоқсан, 2019 16:03
Талқылау