"Күйеуі тірі кезінде сатып алған": Қазақстандық әйелді сәбиімен бірге экс-енесі пәтерден шығарып жібергісі келеді
Фото: Адвокат Бибінұр Мұратованың желідегі парақшасынан
Әлеуметтік желіде адвокат Бибінұр Мұратова жас ананың Әсем Абдуахатованың мүддесін қорғап жүргенін айтып, оқиғаны бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел жүкті кезінде күйеуі кенет қайтыс болған. Әсем қызы дүниеге әкелгеннен кейін, оның марқұм күйеуінің анасы оны сәбиімен бірге, күйеуі тірі кезінде сатып алынған пәтерден шығаруға тырысып отыр.
Адвокаттың айтуынша, пәтерді Әсем мен оның күйеуі бірге таңдаған. Күйеу пәтерді өзінің анасына рәсімдеуді жоспарлаған, өйткені ол ипотека рәсімдеуге тұрақты зейнетақы жарналарын төлей алмайтын.
"Мұндай жағдайдан қорқып, Әсемнің күйеуі нотариустың алдында анасына бастапқы жарна сомасын қарыз ретінде берген. Қазір Әсем мен үш айлық қызы Алана пәтерден айырылып қалу қаупімен бетпе-бет тұр, өйткені енесі формальды түрде құжаттар өзінің атына рәсімделгенін сылтау етіп, пәтерді өзіне алғысы келеді", – деп жазды адвокат.
Адвокаттың айтуынша, бұл оқиға тек заң нормалары туралы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен әділеттілік мәселесі туралы сөз қозғалып тұр.
Тойда экс-келінін ұрған ер адам үйқамаққа жіберілді
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте төрт баласы бар ер адамды пәтерінен шығармақ болғанын жазған едік. Себеп – пәтердің жалдау ақысы 2 миллион теңгеден асып, қарызға батқан еді. Алайда апелляциялық сатыда тараптар медиация арқылы келісімге келіп, әке отбасымен бірге пәтерде қалуына мүмкіндік алды. Пәтерді сатып алу құқығымен жалдау шарты екі тарап міндеттемелерін толық орындағанға дейін өз күшінде қала береді.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
