Күйеуі опасыздық жасаған әйел 907 миллион теңге өндіріп алды
Фото: istockphoto.com
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында танымал блогер Бреней Кеннард күйеуінің бұрынғы жұбайына 1,75 миллион доллар (907 миллион теңге) төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сома блогердің күйеуі Тимоти Монтегюдың экс-әйелі Акира Монтегюдің пайдасына өндіріледі.
2024 жылы Акира блогерді әдейі некені бұзды және Тимоти Монтегюмен заңсыз қарым-қатынаста болды деп айыптаған. Мұндай заң АҚШ-тың бірнеше штатында ғана қарастырылғанымен, Солтүстік Каролина ол қатарға кіреді.
Талап арызда Кеннард Акира Монтегю күйеуімен ресми түрде ажыраспаған кезінде видео түсіре бастағаны жазылған. Алданған әйел мұны да, сондай-ақ кадрларда оның балаларының көрінгенін де білмеген.
Қазылар алқасы Акира Монтегюдің жағына шықты. Судья блогер жәбірленушіге некені бұзғаны үшін 1,5 миллион доллар (778 миллион теңге) төлеуге тиіс деп шешті. Ал заңға қайшы жыныстық қатынасқа түскені үшін 250 мың доллар (130 миллион теңге) көлемінде өтемақы белгіледі. Бұл Монтегю талап еткен соманың жартысы.
Айта кетейік, бұған дейін ажырасудың әйелдерге тигізетін күтпеген әсері анықталғаны хабарланған еді.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады