"Күйеу жігітін танымай қалған": Таразда ұрланбақ болған қалыңдық оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: Видеодан скрин
Таразда қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің ісі бойынша сотта қыз алғаш рет өз нұсқасын айтты. Ол оқиға кезінде күйеу жігітін танымай қалып, қорыққаннан көмек сұрағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздың сөзінше, ол жігітімен алты жылдан астам уақыттан бері таныс және араласып жүрген. Екеуінің арасында келісім болып, тіпті көктемде үйлену туралы әңгіме де қозғалған.
Алайда ол өзіне күтпеген жерден "құда түсу" әрекеті жасалатынын ойламаған.
"Біз алты жылдан бері араласамыз. Үйлену жайлы сөйлескенбіз, бірақ көктемде болады деп келіскен едік. Мені алып қашады деп мүлде ойламадым. Алғашында кім екенін де түсінбедім. Көлікке отырған кезде ғана рөлде жігітімді көрдім. Бағдаршамның жанында тоқтағанда түсіп қалып, үйге кеттім", – деді ол сотта.
"Жүрегіне пышақ сұққан": Екібастұзда бойжеткен сүйіктісін көшеде өлтіріп қойды
Таразда аялдамада тұрған қызды күштеп алып қашқан үш күдікті қамауға алынды
Еске салайық, бұған дейін Таразда аялдамада тұрған қызды бірнеше ер адам көлікке күштеп отырғызбақ болғаны туралы видео әлеуметтік желіде тараған еді. Кейін белгілі болғандай, бұл қалыңдықты ұрлау әрекеті болған. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қыздың жігітін және оның екі досын ұстады. Сотта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қаралды. Сот шешімімен олар үй қамаққа алынды. Арнайы бақылау білезіктері тағылып, оларға сыртқа шығуға және өзге адамдармен байланыс орнатуға тыйым салынды. Қыздың айтуынша, шу көтерілгені өз жігітін бірден тани алмай, абыр-сабыр сәтінде айғайлап жібергенінен болған.
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады