Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіт қалыңдығының ата-анасы тойда арзан киім сыйлағаны үшін ажырасып кетті

Өзбекстандағы үйлену тойынан кейін жас жұбайлар ажырасып кетті. Күйеуіне қалыңдықтың ата-анасы сыйға тартқан жергілікті өндіріс орнынан шыққан киім ұнамады.

Күйеу жігіт қалыңдығының ата-анасы тойда арзан киім сыйлағаны үшін ажырасып кетті

Жергілікті телеарнаның бірі Өзбекстанның Навои аймағындағы отбасылық және неке мәселелері, сондай-ақ жастар арасындағы ажырасудың себептері туралы репортаж көрсетті. Атап айтқанда, жігіт үйлену тойына «жаман киім» бергендіктен, ажырасу туралы өтініш білдіруге мәжбүр болды.

Жергілікті дәстүр бойынша, қалыңдық пен күйеудің ата-аналары үйлену тойына жаңа үйленгендерге сарпа (дәстүрлі сый) береді: ер адамдарға әдетте, аяқ киім, киім, әйелдерге - ыдыс-аяқ, үй заттарын береді.

Ол үйлену тойындағы достарына түріктің сапалы киімдері мен аяқ киімдері сыйға  алғысы келгенін айтты.

«Қалыңдығымның ата-анасы мен бауырлары жақсы жерлерде жұмыс істейді. Олар маған қымбат киім сыйлайды деп ойладым», - деп қиналды жас жігіт.

Өз кезегінде ол "қалыңдығына өзінің сыйлықтары ұнады ма?" деген сұраққа үндеген жоқ. 

Тағы оқыңыз: Әйелі билетті қоқысқа тастай салған: Ер адам концертке бару үшін тонналаған қоқысты қопарған >>>
Талқылау