Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіт пен қалыңдық қонақтарға арналған тамақты үнемдеп, желі қолданушыларының мазағына айналды

Күйеу жігіт пен қалыңдық қонақтарға арналған тамақты үнемдеп, желідегілердің мазағына айналды. Facebook-те жариялаған мерекедегі фото көпшіліктің назарын аударды. 

Келіншек түсірген фотосуреттерден қонақтарға тұз салынған чипсы қаптамасы, пластикалық ыдысқа салынған туралған қияр мен сәбіз  және бір-екі черри қызанақтары,  жүзім, ірімшік, құлпынай мен қауын тізбектелген екі канапе және салмасы бар жарты круассан ұсынылғаны көрінеді.

Сондай-ақ, қонақ нақты отыру орындары схемаларда көрсетілгенге сәйкес келмеді деп шағымданды. Ол мұның бәрін бассыздыққа санады.

Жарияланым астына жазылған пікірлерде қолданушылар күйеу жігіт пен қалыңдықты келеке етті.

 "Мен балама осындай түскі асты күнде беріп жіберімін, тек чипсы бермеймін", - деп жазды бір қолданушы.

"Чипсы! Мен не күлерімді, не жыларымды білмеймін", - деді тағы біреуі. 

Комментаторлар әсіресе қонақтарға тұтас круассан емес, оның жартысы ұсынылғанына ашуланды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қазан, 2020 19:01
Талқылау