Күйеу жігіт көзіне шөп салған сүйіктісін тойда масқара етті
Қытайдың Фуцзянь провинциясында сүйіктісі көзіне шөп салғандығын біліп қойған күйеу жігіт қалыңдықты жұрт алдында ұятқа қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“姐夫门”的视频。新浪在婚礼上扒皮新娘,当众播放新娘和新郎姐夫偷情的视频。#姐夫门 #婚礼 pic.twitter.com/YSGqgoZq4s
— China Daily Live (@ChinaDailyLive) December 27, 2019
Жұптың кездесіп жүргеніне екі жылдан асыпты, алты жарты жыл бұрын олар үйлену туралы сөз байласқан. Дегенмен жігіт сүйіктісінің бірнәрсені жасырып жүргендігін біліп қойыпты. Сол себепті ол бойжеткеннің үйіне оған көрсетпей, бейнебақылау камерасын орнатып қоюды жөн көрген. Бұл жайттан кейін қытайлық азаматтың бар күдігі расталған. Оның сүйіктісі өзінің әпкесінің күйеуімен көңілдес екендігі анықталыпты.
Ең қызығы, ер азамат үйлену тойған дейін ешнәрсе айтпаған. Тек сол күні екеуі қалың жұрттың алдына шығып сөз сөйлемекші болғанда, туысымен көңілдес болған қыздың жігіті бейнежазбаны қосып жібереді.
"Сен мені дым білмейді деп жүрдің бе сонда?", - деп таңқалған жұрттың алдында күйеу жігіт.
Қалыңдық өзін-өзі ұстай алмай, ер азаматқа тап беріпті. Олардың төбелесін сол жердегі қонақтар ажыратып алған. Оқиғадан кейін бойжеткен әпкесінің күйеуімен көңіл қосқанын мойындаған.
Дегенмен бұл видеоны көргендердің пікірі екіге ажырапты. Біреулер жігітті қолдап, қызға сол керек екендігін айтса, екіншілері бұл бейнежазбаны өтірік қойылым деп сөкті.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
