"Күтпеген жағдай": Олимпиаданың гала шоуында Михаил Шайдоровтың көрсетіліміне Джеки Чан келді

Қысқы Олимпиада ойындары аясындағы Миланда өткен гала-шоуда олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өнер көрсетті. Спортшының номеріне күтпеген жерден Джеки Чан қолдау көрсетіп, қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көрсетілімдік бағдарлама үшін мәнерлеп сырғанаушылар әдетте жарыс бағдарламасында көрсетілмейтін арнайы нөмір дайындайды. Шайдоров пен оның командасы гала-шоуға арнап мұз айдынына панда костюмімен шығатын ерекше нөмір әзірлеген.
Чемпионның айтуынша, оның көрсетілімдік нөміріне Джеки Чанның қатысуы бастапқыда жоспарланбаған.
“Бұл күтпеген жағдай болды. Мұз айдынына келгенде, мұнда Джеки Чанның жүргенін білдім. Әрине, бірден онымен суретке түсуге жүгірдім. Ол мені құттықтады. Ал мен оған гала-нөмірімді міндетті түрде көру керегін айттым. Ол келісіп, қалатынын жеткізді. Кейін ұйымдастырушылар мен қызметкерлер арқылы номердің соңында оның мұзға шығуын келістік”, – деді Михаил.
-
Михаилдің тарихи жеңісінен кейін Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ерекше сый құрмет көрсетті
-
Қазақстан Михаил Шайдоровтың Олимпиадаға дайындығына 263,4 млн теңге жұмсаған
Мәнерлеп сырғанаушы панда костюмімен өнер көрсету оңай емес екенін де мойындады.
“Оның ішінде тұрудың өзі қиын, өте ыстық. Ал секіру тіпті бөлек әңгіме. Костюм үлкен әрі жеңіл болғандықтан, кез келген қимылда екі жаққа теңселіп кетеді, бұл айтарлықтай қауіпті”, – деп түсіндірді Шайдоров.
Ол Олимпиада чемпионы атанғанын енді толық сезінгенін және қазір елге оралғысы келетінін алға тартты.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды