"Күтпеген жағдай болды": Мирас Жүгінісов Алматыдағы концерті кейінге шегерілгенін хабарлады
Фото: zhugunussov.mj
Танымал әнші Мирас Жүгінісов концертінің кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі тыңдарман қауымнан кешірім сұрады.
"Бұл шешімді қабылдау біз үшін оңай болмады. Алайда тыңдармандарымызға ең жоғары деңгейдегі шоу сыйлау – біздің басты мақсатымыз. Сондықтан барлық дайындықты толық әрі сапалы өткізу үшін уақытты қайта қарастыруға мәжбүр болдық. Біз бұл жаңалық сіздер үшін күтпеген жағдай болғанын жақсы түсінеміз. Сол себепті әрбір жанкүйерден кешірім сұрай отырып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – деп жазды Мирас Жүгінісов.
Әншінің сөзінше, билет келесі концертке жарамды екен. Концерттің нақты өтетін күні жақын арада қосымша хабарланатынын айтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген