Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күтіп жүрміз": Өнерден дінге кеткен Айдана Меденова жақсы жаңалығымен бөлісті

Танымал әнші Айдана Меденова үшінші сәбиін күтіп жүр. Өнер иесі жеке парақшасына жүкті екенін көрсетіп, фото жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұлдызды ананың бір ұл, бір қызы бар. 

“Ғажайып күтіп жүрміз”, – деп бірауыз сөз ғана жазды әнші. 

Экс-әншінің тыңдармандары жақсы жаңалықты естіп, жарыса құттықтап жатыр. 

"Құттықтаймыз", "Аман-есен жаныңыз қалсын", "Аман бол, жарығым", "Қандай әдемі көрініс", "Құттықтаймын! Аман-есен қолыңызға алуды бұйырсын!" – дейді желі қолданушылары. 

Алайда әншінің дінге кетіп қалғанына да біраз оқырманы өкпелі. “Сахнаға қайта оралыңыз. “Орамалды шешіңіз”, “Осы дінге кіргенің үшін кім қанша төледі?” деп жазып жатыр. 

Айта кетейік, экс-өнер иесі сахнадан біржола кеткенін мойындаған болатын. 

“Ән айтуды тастадым. Өмір бойы ғашық болған ісім менің көңілімді қалдырды. Исламды тани бастаған сайын, Алланың сөздерін оқыған сайын хадис, тафсирлерді оқып, білім алған сайын көп нәрсеге басқаша қарай бастаймыз. Біз жәй өмірде көп дүниеге мән бермейміз, байқамаймыз. Бірақ бізді Алладан алыстататын заттардан ақырындап бас тартуымыз керек. Өйткені бізді жаратқан Алла. Әрине, басында іштей қарсылық болды. Неге болмайды дегендей. Бірақ Алланың айтқан сөздерін, дәлелі бар көп хадистерге тек жүрек ашылғанда, дайын болғанда көз жетеді екен. Бір жүректе Құран мен музыка өмір сүре алмайды. Бұл – факт”, – дейді Айдан Меденова. 

Экс-әнші өміріндегі маңызды шешімнің бірін қабылдар кезде күйеуінің демеу беріп, қолдағанын да айтты.

“Күйеуім орамалға қарсы болмады. Керісінше, қолдау көрсетті. Күйеулері қарсы болып жатқан отбасыларды көріп жүрмін. Ондай әйелдерге Алла көмектессін. Ең жақын адамың түсінбеуі, қолдамауцы өте ауыр сынақ деп ойлаймын. Әйелдер орамалды адамдардың емес, Алланың разылығы үшін ғана киеді. Басқасын мен түсінбеймін”, – деп жазды ол.

Талқылау