"Күтім көрмеген келіншек": Жұлдыз Әбдукәрімова көпбалалы аналарға кеңес берді
Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өзінің 20 жастағы суретін жариялап, бала күтімінен шаршап жүрген аналараға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Іnstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Жұлдыз балаларының көзді ашып-жұмғанша есейіп кеткен айтты. Сондықтан көпбалалы аналарға баласымен өткен әр сәтті бағалап, жанында болып, көңіл бөлуге кеңес берді .
“Балалар тез өсіп кетеді екен. Арасы жақын болса тіпті есіңді жиып үлгере алмайсың. Кеше ғана артымнан төртеуі шұбырып жүр еді. Пәлсапасыз, сурет сөйлесінші. 2009 жыл. Сезім мен Алау және күтім көрмеген жас келіншекті танымай жатсаңыздар, ол мен. Небәрі 20 жаста екі қыздың мамасы болып үйреніп жүрген кез. Сол қыздарыммен қосылып жылап, бірге өскенбіз”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Айтуынша, төрт баламен пәтер табу, оған көші қиын болған.
“Пәтерден-пәтерге көшіп жүргенде көптеген қиындыққа тап болдым. “Төрт балам бар” дегенді естігенде ләм-мим демей тұтқаны басып тастайтын. “Таптық, орналастық-ау” дегенде көршілер есікті қағып, “шуламаңыздар” деп ұрысып кететін”, – дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.
- "Бөлек-бөлек жүріп келеміз": Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті
- "Азаннан бері күттік": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады
Ол қыз-келіншектерге балаларының бөпе кезінен ләззат алыңдар деп ақыл айтты.
“Қыздар! Қашан сөйлейді, тез-тез өссе екен” демей, қазіргі сәттен ләззат алыңыз. Бұл қайта келмейтін кез. Кейін сағынғанда тағы біреуін туып алып, “наслаждаться” етемін десеңіз, мархаббат”, – деп жазды ол.
Бұған дейін актриса үйінен айырлғалы балаларының ауырып қала беретінін айтып, мұңын шаққан еді.