Күштеп көлікке отырғызды: Ақтауда ерлі-зайыптылардың жанжалы түсірілген видео жұртты алаңдатып қойды
Ақтауда ерлі-зайыптылардың жанжалы видеоға түсіп қалды. Онда жігіттің қызды күштеп көлікке отырғызғаны көрінеді. Олардың бұл әрекеті тұрғындарды алаңдатты. Ақтау полиция басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерлі-зайыптылардың жанжалының видеосы Instagram-да пайда болды. Кадрларда ер адамның қызды қуғанын көруге болады. Бөтен ер адам оны тоқтатпақ болады, бірақ жігіт қызды қуып жетіп, оны көлікке сүйреп апарып, содан кейін салонға мәжбүрлеп отырғызды. Куәгерлердің айтуынша, әйел көмек сұраған, сондықтан айналаға көп адам жиналған.
Оқиғаға Ақтау полиция бөлімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары видеоғы адамдар ерлі-зайыпты екенін айтты.
"Ақтау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері видеоға түсірілген жеке тұлғаларды анықтады. Түсініктеме алды. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне шағымы жоқ. Бұл жеке өмір болғандықтан, егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді", - деді ведомствода.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ