Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрсақтағы сәби өлі тумау үшін жүкті әйелдер қалай ұйықтау керек

Ғалымдар жүктілік кезеңінде әйелдердің қалай дұрыс ұйықтауы керек екенін айтты.

Құрсақтағы сәби өлі тумау үшін жүкті әйелдер қалай ұйықтау керек

Мамандар жүктіліктің соңғы кезеңдеріндегі кейбір жатыс салдарынан құрсақтағы сәби өлі туу мүмкін екенін айтады.

Манчестер университетінің мамандары ана мен баланың өмірі қауіпсіз болу үшін төсекте дұрыс жату керек екенін айтады. Зерттеуге 1 мыңнан аса әйел қатысты. Олардың 291-нің баласы өлі туған. Өлі туған сәбилердің анасы жүктіліктің соңғы кезеңінде көбіне шалқасынан жатып ұйықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, жүктіліктің 28 аптасынан соң анасы шалқасынан жатып ұйықтаса, сәбидің өміріне екі есе қауіп төнеді. Ал қырымен жатып ұйықтау еш зиян тигізбейді.

Тағы да оқыңыз:

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

 

Талқылау