Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрманай Бахтиярқызы: Ақын болмасам, спортта чемпион болар едім

Қазақстандық шоу бизнесте кеңінен танылған ақын Құрманай Бахтиярқызы бір кездері спортқа жақын болғанын айтып жатыр.

image-57

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.

“Кезінде 53 кг салмақпен талай жерге барған болатынмын. Құрманай қыз ақын болмағанда, спортқа жақын қыз болатын еді. Бұл баяғы чемпион қыз болатын еді. Жамбасқа салып лақтырған кезде, жігіттер оның күшіне шыдай алмайтын еді. Кезінде волейбол мен де, дзюдомен де шұғылдандым”, – дейді Құрманай Бахтиярқызы.

Шымкенттік ақын жуырда қызын ұзатпақ. Өзін жақсы көретін күллі әншіні сол тойға шақырған. Бірақ, той тізгінін жұлдызды шоумендерге емес, шымкенттік асабаларға тапсырған. “Көбісі Тәуекелді немесе Жанарды шақыруыма кеңес беріп жатыр. Бірақ, бұл жолы 100-150 адамға арналған той болғандықтан, асабаны Шымкентімнен таңдадым”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Талғат Жорабаев: Дүниесін үнемдеп жұмсаған жан мұқтаждыққа жолықпайды

Әнел Әрінова: Бұрынғыдай ойланбастан 180 мыңға сөмке алмайтын болдым

Баяннан аумай қалыпсың: Жұрт Еркенің күннен күнге продюсеріне ұқсап баратынын айтты

Қазақстандық жұлдыздар 100 мың теңгені қанша күнде құртатындарын айтты

Талқылау