Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күрес түрлерінен 2025 жылғы әлем чемпионатының қайда өтетіні анықталды

Күрес түрлерінен 2025 жылғы әлем чемпионаттарының қайда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы өтеді деп жоспарланған күрес түрлерінен әлем чемпионатының өтетін жері мен уақытын жария етті. Ересектер арасындағы әлем біріншілігі Хорватияның Загребе қаласында өтпек. Әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек аралығында өтсе, U17 әлем чемпионаты Афиныда (Греция) 28 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді.  Болгарияның София қаласында U20 әлем чемпионаты ұйымдастырылатын болады. Ал жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігін Нови-Сад (Сербия) қабылдайды. Бұл сайыстар 20-26 қазан күндері өтпек.

Айта кетейік, бұған дейін дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионатын Қазақстанда өтетіні туралы жазған едік. 

Талқылау