2025 жылы Қазақстан мен Аустрия арасында тікелей рейс ашылады
2025 жылдың көктемінде Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Istock.com
Қазақстан-Аустрия іскерлік кеңесінің 9-отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер кездесті.
Сондай-ақ делегацияда Scat әуекомпаниясының вице-президенті Владимир Сытник, Қазақстанның Аустриядағы елшілік өкілдері және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегер болды.
Тікелей рейсті Scat әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен ашпақ. Кездесу барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі 2025 жылдың аяғында ашылатыны айтылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады