Астанадан Миланға тікелей рейстер ашылды
Италияның NEOS әуе компаниясы Астанадан Миланға рейстер ашады. Алғашқы ұшақ Қазақстанның астанасынан 8 шілдеде ұшады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: commons.m.wikimedia.org
Астана әуежайының мәліметінше, рейстер Boeing 787 Dreamliner ұшағымен орындалады.
"Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының пайда болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізеді", – делінген хабарламада.
Италияның Neos әуе компаниясының басшысы Лупо Раттацци 2024 жылдың 19 қаңтарында президент Тоқаевпен кездесуінде Астана мен Рим, сондай-ақ Астана мен Милан арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспары туралы айтқан еді.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде жаңбырдан кейін Алматы әуежайы жаңа терминалының ғимаратын су басқаны туралы видео тараған еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен