Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күрделі экономикалық реформаларды Қытай, Үндістан, Ресей сынды елдермен жүргізу керек" - Тұқымов

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Еркін Тұқымов Қазақстан үшін ең үлкен тәуекелді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұқымовтың пікірінше, Қазақстан үшін ең үлкен қауіп пен сынақ – егемендіктен айырылу. Бұл туралы ол Астанада институт ұйымдастырған "Өзгермелі әлемдегі Азия: болашаққа арналған күн тәртібі" атты Орталық Азия қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында мәлімдеді.

"Президент күрделі саяси реформаларды бастады, бірақ бізге дәл қазір күрделі экономикалық реформалар қажет. Ал біз оны кіммен жүргізуіміз керек? Біріншіден, бұл Азия деп ойлаймын. Яғни, Қытай, Үндістан сынды елдер. Ресейді де Азия деп айтуға болады. Сондықтан өзіміздің сыртқы саясатта нақты ұстанымдарды ұстануымыз қажет. Түрлі қақтығыстардан аулақ болып, мемлекетімізді, Қазақстанымызды дамытайық", - деп өз пікірімен бөлісті ҚазИСС директоры.

Еркін Тұқымов атап өткендей, Астанадағы форумның басты мақсаты Президент Әкімшілігіне, Мемлекет басшысының өзіне ұсыныстар әзірлеу. 

Талқылау