Құран мен Інжілді біріктірген кітап басылып шықты
Дэвид Ньюбери мен Сафи Каскас есімді АҚШ ғалымдары қасиетті Құран Кәрім мен Інжілді аударып шығып, оларды бір кітаптың ішіне біріктіре бастырған.
Кітап ішінде 3 мыңға жуық ұқсас тақырыптар мен оқиғалар желісі берілген. Бұл өз кезегінде оқырманға салыстыра оқуға мүмкіндік береді дейді жоба авторлары, деп жазады muslim.kz.
Сафи Каскас өзінің Құранды ағылшын тіліне аудара бастағанына он жылдай болғанын айтады. Оның бұл еңбегін достары христиандар мен мұсылмандар арасындағы келісім құралы болады деп бағалайды.
«Қоғамдағы көп жағдайлар 9/11 терактісінен кейін ушыға түскен. Христиан дініндегі кейбіреулер үшін мұсылмандар мен Құран кітабы қорқыныш туғызатындай көрінеді», – дейді ол. Осы орайда, ол өзінің жобасы әлемдік діндер арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайта түсетініне сенімді.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар эмбрионның жүрегі ұрықтанудан кейінгі 16 күнде соға бастайтынын анықтады
Министр Қуандық Бишімбаев отырыстардың бірінде саксафонда ойнап елді таң қалдырды (видео)
Қыздар көшеде іш киімін шешіп беруін сұраған бейтаныс жігітке лыпасын шешіп бере салды (видео)