Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Купальникпен тауға шығып танымал болған әйел үсіп өлді

Тайбэй тұрғыны У Цзиюнь купальникпен тауға шығып, сол арқылы танымал болған. Ол тайваньдық «Юйшань» ұлттық қорығында сайға құлап кеткеннен кейін қайтыс болды.

Купальникпен тауға шығып танымал болған әйел үсіп өлді

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел өзімен бірге жерсеріктік телефонын алып жүрген. Ол құтқарушыларға хабарласып, 20 метрлік биіктіктен құлап кеткенін және өздігінен қозғала алмай жатқанын айтқан.

Сол күні ауа райы қолайсыз болғандықтан, тікұшақпен шығу мүмкін болмапты. Сондықтан құқтарушылар іздеуге жаяу кіріскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел сайда 40 сағаттан астам уақыт жатып қалып, үсіп қайтыс болыпты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, У Цзиюнь «Юйшань» қорығына 11 қаңтарда кірген. Ол 24 қаңтарға дейін Батунгуань соқпағымен жүріп өтуді жоспарлапты. Жергілікті билік әйелдің Юйшань (теңіз деңгейінен 3592 метр жоғары) тәрізді биік тауға шығуға рұқсаты болмағанын атап өтті.

У Цзиюнь кәсіби альпинист болмаған. Ол сұхбаттарының бірінде бәстен жеңіліп қалғаннан кейін осындай хоббиі пайда болғанын айтқан. Шарт бойынша әйел тауға шығып, купальникпен суретке түсуі тиіс болыпты. Нәтижесінде әйел 4 жыл ішінде шамамен 100 рет тауға шығып, 97 купальникпен суретке түскен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр