Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күннің суытуы коронавирустың өршуіне әсер етеді: Санитар дәрігерлер алматылықтарға үндеу жолдады

Санэпидемиологтар алматылықтардан адамдар көп шоғырланатын орындарға қажетсіз барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер Алматыда ауа-райының нашарлауын болжап отыр. Осыған байланысты санэпидемиологтар ауа райының күрт нашарлауы коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін арттыратынын ескертті.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, осы жылдың 14 қарашасындағы жағдайға сәйкес, Алматы қаласында коронавирусты 15 166 адам жұқтырған, оның 9 145-і симптомды, 6021-і симптомсыз болды. Биылғы 13 қарашада коронавирус 77 адамнан анықталды, оның ішінде 45-і - симптомды, 32-сі - симптомсыз.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық кезеңі жағдайды қиындата түседі. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекциялар санының 2,2 есеге өсуі байқалады.

"Ауа-райының нашарлауының салқындауымен байланысты қоғамда эпидемиялық процестер күшейе түсті, бұл кезде КВИ инфекциясы жаппай шоғырланған жерлерде пайда болады. Осыған байланысты Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қала тұрғындарына профилактикалық шараларды сақтауды қатаң түрде ұсынады. Біріншіден, адамдар көп болатын жерлерден, әсіресе 65 жастан асқандардың аулақ болғаны жөн. Екіншіден, маскалар қолданыңыз және қоғамдық орындарда, мысалы дүкендерде, дәріханаларда және т.б.

Егер сізде ЖРВИ белгілері болса, үйден шықпаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз. Өзіңізді өзіңіз емдемеңіз, балаларды және егде жастағы отбасы мүшелерін жеке бөлмеде оқшаулау арқылы қорғаңыз", - делінген хабарламада.

Алматыдағы "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің хабарлауынша, 14-20 қараша аралығында ауа температурасы түнде - 10-15 °С, күндіз - 3-8 °С дейін төмендейді.

15 қараша: көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде - 1-3 °C (аяз), күндіз +4-6 жылу.

16 қараша: көшпелі бұлт шығады, мезгіл-мезгіл жауын-шашын жауады (көбіне қар). Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде - 5-7 °С, күндіз 0, -2 °С.

17-18 қараша: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде - 7-12 °С, күндіз - 1-6 °С.

19-20 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде - 10-15, күндіз - 3-8 °С.

Талқылау