Күннің күрт жылынуына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, күннің күрт жылуына байланысты кейбір жердерде қар көшкіні қаупі бар. Нәтижесінде судың деңгейі көтеріледі.
"2021 жылғы 12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында еріген қар ағынының қалыптасуына, өзендерде мұз құбылыстарының одан әрі әлсіреуі және мұз-кептеліс құбылыстарының туындауына әкеліп соғатын оң мәнді ауа температурасының сақталуына байланысты, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аумақтарға судың шығуы күтіледі", - дейді синоптиктер.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ