"Күндіз – имам, кешке – Иван": Порноактрисамен суретке түскен "Ирина Кайратовна" тобы сынға ұшырады
Фото: instagram.com/theevaelfi
Ресейлік порноактриса Ева Эльфимен суретке түскен "Ирина Кайратовна" тобы әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Cурет Астанада өткен PGL Major 2025 халықаралық киберспорт турнирінде түсірілген. Бұл шараға Ева Эльфи құрметті қонақ ретінде шақырылған.
Сурет әлеуметтік желілерде жылдам таралып, әсіресе Threads желісінде қызу талқылауға себеп болды. Сынның негізгі нысанына топ мүшелерінің бірі – Алдияр (Алдик) ілікті. Желі қолдануышары оны “екіжүзді” деп айыптады.
Пікір қалдырушылар әртістің сұхбаттар мен подкасттарда жиі дін және руханият тақырыптарын қозғайтынын еске салып, "Күндіз – имам, кешке – Иван" деп жазды.
Кейбір жанкүйерлер топтың әндерін көбінесе жасөспірімдердің тыңдайтынын алға тартып, топтан "көңілдері қалғанын" атап өтті.
"ИК! Сіздерден толықтай көңілім қалды. Сіздерді балалар мен миллиондаған жасөспірімдер тыңдайды. Қазақстандық порноактрисамен суретке түсуге болмады ма?" – деп жазды қолданушылардың бірі.
Желідегі талқы бір суреттің аясынан шығып, желі қолданушылары менталитет, әйел бостандығы және қоғамдағы қос стандарттар тақырыптарына да тоқталды.
"Бүгін бір ресейлік актриса туралы оқыдым, ол +18 фильмдерге түскен екен. Жасөспірімдер мен ер адамдар суретке түсіп, қолтаңба алу үшін кезекке тұрыпты. Бізде қыздарды ашық киінгені үшін сынға алады емес пе? Жәбірленушіні “дұрыс киінбеген” деп айыптайтын да біздің қоғам емес пе? Бір ересектерге арналған фильм актрисасы кенеттен пір тұтылатын тұлғаға айналды. Кеше ғана айтылған "ұлттық құндылықтар" мен "тәрбие" қайда кетті? Өзім бұл жанрдың көрерменімін, бірақ насихаттамаймын. Қоғамдағы екіжүзділікті түсіну қиын", – деп жазды актер, режиссер және блогер Нұрлан Батыров.
Еске салсақ, бұған дейін "Ирина Кайратовна" тобы Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамханада ән айтып, сынға ұшыраған еді.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
