Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Күнделікті тіршілігім осы": Ерке Есмахан өзін "мақтаншақ" дейтіндерге жауап берді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Ерке Есмахан өзін “мақтаншақ” деп сөз ететін оқырмандарына арнап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі үнемі қымбат дүкендерде жүретінін көрсететін еді. 

"Мақтаншақсың" деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтаншақтыққа жататын шығар. Бірақ ол – менің күнделікті, жай ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайық көрген Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла", – деді Ерке Есмахан.


  • "Әке болса, сендей-ақ болсын": Райм жұбайы Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған баласына жазба арнады

  • "10 млн доллар жетпей тұр": Ерке Есмахан еліміздегі ең бай әйелдердің қатарына кірмей қалды 


Еске салайық, әнші 45 миллион теңгеге сақина алғанын жазған едік. 

“Бүгін Chopard бутигінде жаңа коллекция мен бриллианттардың көрсетілімі. Соған арнайы келдік. Сосын вип кинозалда бутик ұйымдастырған “Бриджит Джонс” фильмін тамашалаймыз. Мынау – құны 45 миллион теңге тұратын сақина. Барлығымызға жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 09:45
Талқылау