Kundelik порталы тегін мектеп мәзірін ақылы жариялап, 9 миллион теңге табыс тапқан
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Kundelik порталында ас мәзірін орналастырғаны үшін жеті облыстағы мектеп асханаларына айыппұл салынғанын мәлімдеді. Білім басқармалары кәсіпкерлерге мәзір фотосуреттерін ақылы түрде орналастыруды ұсынған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан соң 400-ден астам мектепке қызмет көрсететін 117 кәсіпкер 9 млн теңгеге жуық қаржы төлеген.
Бұл заңсыздық Астанада, Абай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында, Шымкент қаласында орын алған.
Заң бойынша ас мәзірінің суреті Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы No598 бұйрығына сәйкес мектептің интернет-ресурсында тегін жариялануға тиіс болған.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін жеткізушілер, Білім министрлігі, елорда әкімдігінің және "Kundelik " ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен жиыннан кейін ас мәзірін тегін орналастыру туралы шешім қабылданды.
Осы жиынның қорытындысы бойынша Білім министрлігі де барлық мекемелерге төлемнің алдын алу туралы хат жолдады.
Талқылау