Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күнде бургер жеймін": 73 килограмм салмақ тастаған әйел құпиясын бөлісті

Англияның Колчестер қаласының тұрғыны арықтау тобына қосылып, аз мерзімде 73 келі салмақтан арылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

48 жастағы Трейси Арнольд 2018 жылдың наурыз айында арықтағысы келетіндер тобына қосылу туралы шешім қабылдайды. Ол соңғы 15 жылдан салмағының 127 кг болғанын мойындады. 

«Артық салмақтың өміріме тигізген кері әсері мол болды. Өзіме ұнаған киімдердің сай келетін өлшемін таба алмай қиналатын едім. Бұдан өзге кейде тынысым тарылып, кішкене жүргеннің өзінде қатты шаршап қалатын едім. Тіпті, суретке түсуді ұнатпадым», - дейді ол. 

Салмағы 146 килограмм болған әйел тамақтану тәртібін өзгерту арқылы, екі есе арықтап кеткен. Арнольд дәмді тағамдарынан бас тартпағанын айтады. Керісінше ол өзіне ұнаған тағамдарды ерекше етіп дайындаудың әдісін тапқан.


Тағы оқыңыз: Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? >>>


«Мен әлі күнге дейін өзім жақсы көретін бургер мен қытырлақ картоптарды жеймін. Алайда мен оларды денсаулыққа зияны тимейтіндей етіп әзірлеудің әдісін таптым. Мысалы, мен майының калориясы аз және майсыз етті тұтынамын. Адамдар арықтау дегеніміз – аш жүру, салат жеу немесе жатпай-тұрмай калорияны есептеу деп ойлайды.

Мен дәмді тағам жегенді қатты жақсы көремін. Ешуақытта өзімді диетада отырғандай сезінген емеспін. Денсаулығым жақсарып, өзімді бақытты сезіне бастадым. Бұдан өзге менің жақтастарым көбейді. Олардың қолдауынсыз не істейтінімді білмеймін», - деді ол. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Қазан, 2019 18:30
Талқылау