"Күнәсі көп адамдарды өткізбейді": Түркістандағы Қырық Шілтен қабырғасының сыры неде?

Түркістан өлкесі тамырлы тарихымен ғана емес, қасиетті жерлерімен де ерек. Қырық шілтендегі Жардың саңылауынан жұрт әлі күнге дейін өтеді. Аңызға сәйкес күнә арқалаған жандар саңылауға сыймай қалады, пәк адамдар дене тұрпаты ірі болса да 20 сантиметрлік аралықтан лып беріп өтіп кетеді. Көнеден келе жатқан аңыз, адамдардың наным сеніміне бүгінгі ғылым қандай баға береді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Ғайып ерен қырық шілтенге күніне 500-ден 1000 адамға дейін келеді. Десе де Рамазан айы басталғалы олардың саны қысқарды, дейді осында жұмыс істейтіндер.

"Қасиетті әулиенің үш бұлағы бар. Көз, құлақ, тамақ сулары.Үшеуінің дәмі үш түрлі, қосылған жерінде мынау бүкіл асқазанға шипасы бар су Алматыдан қайбір жылы зерттейтін кісілер келіп алып кетіп, бізге анализін жіберген. Сонда анализін оқып қарағанда, адамның іш құрылысы буын-буынға дейін солардың бәріне шипа екенін жазып жіберген", - деді шырақшы Нұғали Смағұлов.

Тарихышылар Қырық шілтен туралы аңыз қалай және қашан пайда болғаны туралы сөз қозғады. 

"Әлемнің алғашқы жаратылысы ретінде қарастырылады. Өйткені осы ғайып ерен қырық шілтенде адам ата мен хауа ананың тасы бар деп есептелінеді. Ол жерде қырық әулиенің махары бар деп айтылады. Немесе сол жерде әулиелердің жиналған орны, ғайыптан пайда болып сол жерде жиналып, халықты демеп жүретін деген", - деді тарихшы Қалжан Қайратұлы.


"Есік көрген қалыңдыққа "Беташар" жасауға болмайды": Кейуаналар салт-дәстүрдің мәнін жоғалтпауға шақырады

 

Түркістанға 3000 жыл: Қазақстандық академик сенсациялық мәлімдеме жасады


Аңызға сүйенсек, белгінің бір беткейі адам атаның шапаны саналады. Ал арғы беті ауа ананың тасы саналады.

Денелі жігіттер өтіп кетіп, арық жігіттер өте алмай қалған кездері де болыпты. Аңызға  сенсек, өте алмағанның күнәсі көп. Алайда жиырма жылдай шырақшылық еткен Нұрғали Смағұлов бұл нанымды жоққа шығарды. Шын мәнінде, адамдардың дені қорқыныштан қысылады дейді психологтер.

Жалпы, Түркістан өлкесі киелі жерлерге бай. Оларды көріп, қасиетін тануға бір апта аздық етеді. Өлкетанушы Ерлан Сыздықтың сапарлап жүргеніне 60-күн екен.

"Нысандар көбейді. Қазір енді екі күн бойы Түркістан қаласының өзін аралауға болады. Ал облыстың кереметін көремін деп жобалап шықсаңыз 1 күннен 180 күнге дейін жобалап шығу керек", - деді өлкетанушы Ерлан Сыздық.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр