Күн жылынады: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады?
Қазгидромет 31 наурыз – 2 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елдің солтүстік өңірлеріне қыс алып келген циклонның орнын батыс антициклоны басады. Соған байланысты қиыр батыс және солтүстік өңірлерді қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын тоқтайды.
Сондай-ақ антициклонға байланысты еліміздің барлық аумағында ауа температурасы көтеріліп, қазақстандықтар нағыз көктемді сезінеді.
Республиканың батысында термометр бағаны +10+20 градусқа, солтүстік, шығыс өңірлерде +5+13 градусқа, оңтүстікте +15+23 градусқа жетеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн