Күн туралы қызықты 17 мәлімет
Көк аспандағы бәріне таныс сары шарға қарап, оның шынымен де не екені туралы сирек ойланамыз. Күн – аспандағы сары «шам» емес, бұл галактика арқылы керемет жылдамдықпен зымырайтын ыстық плазманың адам айтқысыз үлкен шары, деп жазады Stan.kz.
Сонымен, күн туралы көпшілігі біле бермейтін таңғажайып деректерге тоқталсақ.
- Күн ең алдымен гелий мен сутегінен тұрады, және оның беті қатты емес.
- Күн өз өсінің айналасында айналады, және де экватордағы жұлдызды заттардың қабаттары полярлық аймақтардағы қабаттарға қарағанда үштен бір есе жылдам айналады.
- Аспан әлеміндегі басқа да жұлдыздар секілді, күннің де өз атмосферасы болады. Оның үстіңгі шегі Плутон орбитасынан да алысқа кетеді.
- Күн массасы біз ойлағаннан да көп. Ол Күн жүйесінің бүкіл массасының шамамен 99,86 -%-ын құрайды.
- Күннің ықпалдасуы Жердің ықпалдасу дәрежесінен 28 есеге асып кетеді.
- Күннің жарығы Күннен Жерге дейін 8 минутта түседі.
- Күн ядросының температурасы шамамен 15 миллион градусты құрайды. Ал оның бетіндегі температура шамамен 5 жарым мың градусқа жетеді.
- Күннің болжалды жасы - 4,6 миллиард жыл. Сондай-ақ, Күн әлі 4-5 миллиард жыл өмір сүреді.
- Күннің магниттік өрісі Жердің магнит өрісінен екі есеге ғана күшті.
- Таңғаларлығы, Жерге қарағанда Күнде су көп. Бу тәріздес су молекулалары негізінен «күн көзіндегі дақта» және тар қабатта жұлдыздың бетіне шоғырланған.
- Күн сәулесі онымен бірге жүретін радиацияға байланысты өте қауіпті, одан бөлінген зиянды сәуле адамды өлтіріп жібереді. Бірақ Жердің атмосферасы оны бұғаттайды.
- Ватикан бұған дейін Жер Күнді айналады деген ақиқатты жоққа шығарып келген болатын. Тек, беріде 1992 жылы ғана Жердің шынымен де күннің айналасында айналатынын ашық түрде мойындады.
- Жер Күннің айналасында айналғандай, Күн де Құс жолының орталығында айналады. Галактика орталығының айналасындағы Күннің айналу кезеңі шамамен 240 миллион жылды құрайды.
- Күннен секундына 450 шақырым жылдамдықпен Күн желі таралады.
- Күн әрбір секунд сайын жеті жүз миллион тоннаға жуық өз затын күйдіреді.
- Шамамен бір миллиард және жүз миллион жыл өткеннен кейін күннің жарықтығы он пайызға артады, бұл бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің жоғалуына әкеледі.
- Күн қызыл гигантқа айналғанда, ол Меркурийді және, мүмкін, Венера, Жер және Марсты жұтып қояды.
Талқылау