Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн минус 30 градусқа дейін қайта суытады

"Қазгидромет" 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ауа райы

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің солтүстік аймақтарында күн ашылғанымен, түнгі уақытта төменгі температура сақталады. 15 және 16 ақпанға қараған түні термометр бағандары 18-23 градус, ал кей аймақтарда 27 градус аязды көрсетеді. 

Шығыс және оңтүстік-шығыста антициклон ығысуы салдарынан 17 ақпанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл күндері түнгі ауа температурасы республиканың шығысында 25-30 градусқа, оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін төмендейді.


Назархан Уән
Дүйсенбі, 14 Ақпан, 2022 12:00
Талқылау