Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн суытады: Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» синоптиктері 31 қазан – 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша, қараша айы күннің суытуымен басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер болжамы: Биыл қыс ерте түседі

«Кезекті циклон қалыптасып, Ресейдіңе бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте циклон Оралға қарай жылжиды. Соның әсерінен Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына суық фронттар ығысады», - дейді синоптиктер.

Циклон және фронттардың шығыс бағытта жылжуына байланысты жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын жауады. Сондай-ақ екпінді жел соғып, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ болады деп күтіледі. 

Мамандардың болжамынша, климаттық нормадан 3-6°С, еліміздің солтүстігінде 8-13°С жоғары болған аномальді жылы ауа температурасынан кейін күннің суытуы күтіледі. 

Қараша айының басында батыс өңірлерде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2-4°С төмен болады деп болжанып отыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Қазан, 2019 12:13
Талқылау