"Күн санап өсіп барады": Қарағандылық азамат өзгенің несиесі үшін қарызға белшесінен батқан
Қарағанды қаласының тұрғыны Қанат Досмұқанов шағын несие беретін ұйымға 600 мың теңге қарыз екенін кездейсоқ біліп қалған. Бұл сома күн санап өсіп барады. Ер адам өзінің атынан 50 мың теңге несиеге алынғанын анықтапты. Алайда ол қарыз алмағанын айтып отыр.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қанат Досмұқанов банктердің бірінен несиесін уақытылы төлемегені үшін қара тізімге енгенін естігенде ғана қарызы туралы білген. Анықталғандай, 2017 жылы елордадағы шағын несие ұйымдарының бірі оған 50 мың теңге көлемінде онлайн түрде қарыз беріпті. Алайда Қанат ол ақшаны алмағанын айтып отыр.
«Ол ұйымға 600 мың теңге қарыз екенімді біліп, шок болдым. Таныстарыма жеке куәлігімнің суретін жіберген кездерім болды», - дейді ер адам.
Қанат Досмұқанов сол үшін елордаға барған. Алайда көрсетілген мекенжайда қарапайым пәтер орналасқан болып шығыпты. Ал сайтта көрсетілген телефон нөмірі жауап бермейді. Мұнан кейін полицияға шағымданған ер адам өзінің зардап шеккен жалғыз адам емес екенін біліпті.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде аталған компанияға қатысты алаяқтық бойынша үш дерек тіркелген. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар елордадағы соттарда аталған шағын несие ұйымына қатысты 26 азаматтық қуыным қаралып жатыр екен. Клиенттер келісімшарттың күшін жоюды сұрап отыр. Ал аталған компания Ұлттық банктегі шағын несие ұйымдарының тізімдемесінде жоқ болып шықты.
Ендігі Қанат аталған ұйымнан зардап шеккен өзге де адамдарды іздестіріп, ұжымдық шағым түсірмек.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
